• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы  №60

239 рет
көрсетілді

2015 жылғы 22 шілде, Астана қаласы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (27668) «Казахстанская правда», 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28271) «Егеменді Қазақстан» газеттерінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөлік құралдарының өткізу пункттеріне келуі кезінде бақылаушы органдар мынадай негізгі бақылау операцияларын жүзеге асырады: 1) шекаралық бақылау бөлімшесі: өткізу пунктіне кіру кезінде автокөлік құралдарын тіркейді; автокөлік құралдарында баратын адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне құқық беретін құжаттарын тексереді және шекаралық бақылау нәтижелерін ақпараттық жүйеге енгізеді; автокөлік құралдарын қажет болған кезде кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарайды; адамдарға және көлік құралдарына одан әрі жүру құқығын беру туралы шешім қабылдайды; 2) кедендік бақылау бөлімшесі: автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, көлік құралдарының кіруін тіркейді; радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және/немесе радиациялық бақылаудың ауыспалы техникалық құралдарын қолдана отырып, радиациялық бақылауды жүзеге асырады; көлік құралдары мен тауарларды кедендік ресімдейді және кедендік бақылауды жүзеге асырады; автокөлік құралдарын шекарлық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесе қарап тексереді (қажет болғанда); көліктік бақылау Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңынамасына сәйкес рұқсат құжаттарының бар болуы мен қолданылуын тексеру, автомобильдік автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін қолда бар бақылау жүйесімен анықтау арқылы жүзеге асырады; мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау мен мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік шекараның қазақстан-ресей учаскесіндегі автомобильдік пункттерінде тек шекаралық бақылау ғана жүзеге асырылады. Барлық белгіленген бақылау түрлерін жүргізгеннен кейін шекаралық наряд өткізу пунктінің аумағынан көлік құралдарын шығаруды жүзеге асырады.». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (Д.А. Ділманов) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналас­тыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.ӘБІҚАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі ________________А. Мамытбеков 2015 жылғы «___» ___________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________А. Исекешев 2015 жылғы «___» ___________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы «___» _________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11037 болып енгізілді.